Батыс Қазақстан облысында қырғызстандық азамат айдап келе жатқан жүк көлігі өртенді.

Фото: Тұрғындардан келген фото
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 сәуір күні Сырым ауданы аумағында болды.
Самара-Шымкент күре жолының 352-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі мен кабинасы отқа оранған.
— Шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы, келтірілген шығын анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат