Оқиға 21 сәуір күні Переметное-Белес тас жолында болған. Жол апатына түскен көліктің бірін мектеп оқушысы басқарған.

-Бүгін, сағат 11.00 шамасында "Jac N56" мен "ВАЗ-2110" көлігі түйісті. Апат салдарынан жеңіл көліктің рөлінде болған жасөспірім мен қасындағы жолаушысы қайтыс болды. Жеңіл көлікте 2008 жылғы және 2010 жылғы жасөспірімдер болған. Болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,