23.04.2025, 9:45
Оқылды: 149

Жәнібектіктер Хаби Халиуллиннің есімін ұлықтады  

 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мекемелер арасында өтіп жатқан «Қаһарман аудан – Жәнібек» фестиваль-байқауының кезекті төртінші концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.

image-22-04-25-09-52-4 (1)

Аудандық білім беру бөлімі мен үш қосымша білім беру мекемесі бірігіп ұйымдастырған кеш 1912 жылы дүниеге келген жұлдызды батыр ұл - Хаби Халиуллиннің қысқа ғұмырындағы ерен ерлігі мен мазмұнды жолын насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізуге арналды. «Полк комиссары Хаби Халиуллин» тақырыбында өткен концерттік бағдарламаның ұйымдастырушылары көрермендерге есіктен «қош келдіңіз» айтып, назарларына өздері жасақтаған көрмені ұсынды. Небәрі 30 жыл өмір сүріп, жасындай жарқ еткен Хаби Халиуллиннің есімі жәнібектіктер үшін тым ерекше. Ақобада туған батыр ұлдың майданға аттанған сәтінен бастап суреттеуді жөн деп тауыпты ұстаздар қауымы. Соғыс жылдарындағы әндер орындалып, биде биленді, күйде күмбірледі. Сахналық қойылымдар да үзіліссіз жалғасын тауып көрерменге жақсы әсер сыйлады. Әсерлі кештің соңы тамаша дауыс иесі Аслан Боранбаевтың жетекшілігіндегі хормен өз мәресіне жетті.

 

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

image-22-04-25-09-52-7 (1) image-22-04-25-09-52-6 (2) image-22-04-25-09-52-2 (1) image-22-04-25-09-52 (1) image-22-04-25-09-52-5 (1) image-22-04-25-09-52-3 (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале