22.04.2025, 14:45
Оқылды: 430

Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының орындалуы бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 15.09.56 (1) (1)

Осылайша, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллинаның есебі тыңдалды. Кеңес мүшелері атқарылған шараларға тоқталып, оң және теріс тәжірибелерді саралады.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп талаптарының сақталуы мәселесі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды. Кеңес мүшелері департаменттің жұмысына оң баға беріп, оның тәжірибесін өзге ұйымдарға үлгі етуді ұсынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы аясында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындылары таныстырылды.

Осылайша, Департаментпен талдау шеңберінде тиісті іссапар шығыстары негізсіз төленбей қалған 27 мемлекеттік қызметшіге іссапар шығындары төленуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижелері талқыланып, бұл саладағы ашықтық пен әділдік қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.

Соған қоса, мемлекеттік қызметке кір келтіру және қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша Бәйтерек, Казталов және Сырым аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдары қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданды.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 15.09.56 (2)

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі – қоғаммен өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың басты тетігі екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшінің әдебі – оның кәсібилігі мен халық алдындағы жауапкершілігінің айнасы. Әдеп нормаларын сақтау – тек ішкі тәртіп емес, бұл қоғам сенімін нығайтудың басты тетігі», – деді Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар мен нақты тапсырмалар беріліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

 

                             Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                             Батыс Қазақстан облысы бойынша

                             департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале