22.04.2025, 16:30
Оқылды: 388

Теректіде «Айбын» әскери-патриоттық іс-шарасы өткізілді

Оқушылардың отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, еліміздің тарихына құрметпен қарау және тәрбиелеу мақсатында Теректі орталық стадионы базасында «Айбын» атты әскери-патриоттық іс-шара өткізілді.

1599b8d6-cea8-48d7-9d97-fc33fca30be6

Шараға ауданның 14 мектебінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты іс-шара еліміздің туы көтеріліп, әнұран шырқаумен басталды. Сайысқа қатысушылар: белтемірде тартылу, арқаға жатып денені көтеру, әскерилендірілген кросс, әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан ату және АК-74 бөлшектеу мен жинақтау бойынша өзара мықтыларды анықтады.

WhatsApp Image 2025-04-22 at 16.32.55
Іс-шара барысында барлық қатысушылар жоғары белсенділік көрсетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Шаған жалпы орта білім беру мектебі жеңімпаз атанды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың бойынан патриоттық рух, тәртіп және ұйымшылдық байқалды.

 

Теректі аудандық білім беру бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале