23.04.2025, 16:15
Оқылды: 374

Қайсарлық пен қаһармандық үндескен күн

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бүгін Жәнібек ауданына бір топ генерал келіп, аудан мәртебесін биіктетті.

image-23-04-25-02-22-4

image-23-04-25-02-22-2

Аудан мәртебесі демекші, ауданға «Қаһарман аудан» мәртебесі берілгенімен, құжат жағы заңдастырылмаған. Мәртебені заң жүзінде алып беруді көздеген генералдардың ауданға келген мақсаты да осы еді. Бір топ генералды аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Мейрамхан Бапахов ауылға кіреберістен қарсы алып, қонақжайлылығымызды көрсетіп, ақ пен бауырсақ ұсынды. Домбыраның қос ішегінде күй күмбірлеткен мәдениет қызметкерлері келген қонақтардың көңіл күйін көтеріп, әдемі атмосфера құрды.

image-23-04-25-02-22-3

Қонақтар құрамында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқа төрағасы, Ішкі істер министрлігінің өкілі, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков, төралқа төрағасының орынбасары, Астана қаласындағы филиал басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, генерал-майор Өміртай Бітімов, төралқа мүшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, генерал-майор Мұстафа Махамбет пен Шаймұрат Отарбаев, Ұлттық Ұлан өкілі, генерал-майор Әлібек Сералиев, Ішкі істер министрлігінің өкілі, генерал-майор Төлеген Рақымжанов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы Талғат Қаналиев, «Олжа» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, жерлесіміз Сұлтан Неталиев пен облыстың басшы-қосшылары бар.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

image-23-04-25-02-22-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале