24.04.2025, 9:30
Оқылды: 310

Түнгі рейд: Жасөспірімдер бақылауда

Бөрлі ауданында балалардың түнгі уақытта көшеде жүруі мен заңсыз еңбекке тартылуын алдын алу мақсатында рейд өткізілді. Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кезекті рейдтік шараға аудандық полиция бөлімінің жауапты мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

рейд

Тексеру барысында балалардың түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүруі, сондай-ақ мейрамханалар мен дәмханаларда заңсыз жұмыс істеу фактілері назарға алынды. Рейд кезінде балаларға және ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың алдын алу бойынша кәсіпкерлермен де әңгіме жүргізілді.

- Балалардың түнгі уақытта үлкендердің бақылауынсыз жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасын сақтамау - бала құқығын бұзу болып саналады. Сондықтан ата-аналарды да, жұмыс берушілерді де заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, - дейді аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Мәлік Базарғалиев.

Аталған шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале