Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жәнібек ауданына келген «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен мүшелері мәдениет үйінде өткен кездесуден кейін аудан орталығында орналасқан «Қаһарман аудан» обелискісіне барды.

Онда оларды «Жәнібек сазы» халықтық фольклорлық-ансамблі қарсы алды. Естелік суретке түскен меймандар алаңда жасақталған көрмемен таныс болды.

Көрмеде аудандық тарихи-өлкетану музейі соғыс кезін еске салатын жәдігерлерді көрсетсе, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітап көрмесін таныстырды.

Аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығы қолдан жасалған туындыларды назарға ұсынды.


Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы