25.04.2025, 10:34
Оқылды: 323

«Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

"Көлік министрілігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда", - деп хабарлайды ҚР көлік министрлігі.

6ef07dd8b5302afea55b002a7fffd885_1280x720

Фото: www.gov.kz

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді.
Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале