25.04.2025, 12:00
Оқылды: 337

Жас зерттеушілердің облыстық конференциясы өтті

Бөкей ордасы – Сталинград шайқасының ең жақын тылы болған, соғысты бастан өткерген бірден-бір ауданның бірі, сұм соғыстың аяқталғанына, Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Осы орайда аудан орталығы Сайқын ауылында аудандық ішкі саясат, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы және "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен ата-бабаларымыздың маңдай тері мен ерлігінің құрметіне арналған жас зерттеушілердің «Бейбіт өмірдің ұрпақтары» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.00

Шара 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте сақтау және олардың ерліктерін жадында ұстау, кіші отанының соғыс жылдарындағы тарихын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу, ұлтжандылық сезімді, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайту, жастарды ел тарихына, соғыс батырлары мен ардагерлеріне құрметпен қарауға және ұлықтауға тәрбиелеуге бағытталған.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.17.05

Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары К.Нуршинов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, Орал қаласы, Жәнібек, Казталов, Ақжайық аудандарынан конференция спикерлері ретінде келген мектеп оқушылары, олардың ғылыми жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, аудан жастары, студенттер мен мектеп оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алдымен келген меймандар аудандық демалыс орталығында ұйымдастырылған режиссер М.Жәкібаевтың Бөкей ордасы туралы түсірілген "Сокращение штатов" көркем фильмін тамашалап, кешкі Сайқынға экскурсия жасап, М.Мәметова атындағы орта мектептің мұражайымен танысты.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.16.59

Конференция басталмас бұрын аудан тұрғындары мен конференцияға қатысушылар Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырға тағзым етті. Кейін мәдениет үйінің фойесінде жасақталған көрмені тамашалап, конференцияның негізгі бөлімі басталды. Құттықтау сөз алып, шараның шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары К.Нуршинов келген меймандарға "қош келдіңіз" айтып, шараның маңыздылығына тоқталып, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.16.58 (1)

Конференцияда Орал қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ертөре Төребек (жетекшісі Ф.Сәрсенғалиев) Ақжайық ауданы Ораз Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Алмасхан Нұрланов (жетекшісі Г.Сүлейменова), Казталов ауданы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мейрамгүл Асылбекқызы (жетекшісі Е.Идресов), Жәнібек ауданы Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Рәзия Серік (жетекшісі Г.Бапақова), Бөкей ордасы ауданы Мәншук Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бақдәулет Тұңғатар(жетекшісі Ж.Гумаров) баяндама жасады.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.16.58

Конференция соңында аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева мен аудан әкімінің орынбасары К.Нуршинов конференцияның жұмысына қатысушыларға алғыстарын жеткізіп, спикерлерге аудан әкімінің атынан мадақтама қағазы мен арнайы конференцияға әзірленген сыйлықтарды табыс етті.

БҚО қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале