Қазіргі уақытта Шыңғырлау мен Тасқала аудандарында улау жұмыстары аяқталған. Енді кезекте даланы улау жұмыстары Бәйтерек ауданында жүргізілетін болады.
Даланы улау жұмыстарын бастамас бұрын мамандар далалық жерге зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

- Кеміргіштер мен кене адамзат үшін қауіпті ауру таратушылар болып есептеледі. Сондықтан да жазғы уақытта далаға демалысқа шыққанда үстіңізге кене жабыспайтындай киініп шығуды сұраймыз. Егер дененіңзе кене жабысқанын білсеңіз оны өз еркіңізбен алмаңыз, дереу медициналық орталықытың қызметіне жүгіну қажет. Кене өте жұқпалы ауруларды таратушы болып табылады,- деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
-Биылғы қыс аязды болған жоқ. Сондықтанр да кене мен кеміргіштер осы жазда көп болады деген болжам бар,- деп түсіндірді Нұрлыбек Мұстаев.
Жалпы далалық жерлерді улау жұмыстары жыл сайын әр ауданда жүргізіледі.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz