28.04.2025, 11:00
Оқылды: 153

Білім беру ұйымдарындағы тамақтану нысандарын мемлекеттік бақылау саласындағы тәсілдер өзгереді

Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улану жағдайы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды мемлекеттік бақылау тәсілдерін өзгерту қажеттігін көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазды. 

b28af5a6e215190d512703f716e32ae1_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін Комитет білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі.

Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолданыстағы нормалар уәкілетті органдарға балалардың барлық болу нысандарын мемлекеттік бақылаумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балаларды топтық улану фактілері бойынша тапсырмасының шеңберінде  Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды.

Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Біздің тараптан ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале