Оралда жылу құбырларын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр, - деп жазады kaz.inform.kz.

Фото: kaz.inform.kz
«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің айтуынша, қазіргі уақытта № 2 жылу магистралі жөндеуден өтуде. Осыған байланысты су ағызу жоспарлы жүргізіліп жатыр.
— Кеше құбыр жүйесі ажыратылды. Бүгін құбырларды бөлшектеу басталды. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұл мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға 3,9 км құбыр ауыстырылмақ, - деді Б.Қамешов.