29.04.2025, 22:30
Оқылды: 331

Жаңақала ауданына облыстық қоғамдық кеңес төрағасы келді

Жаңақала ауданына облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Атауов арнайы іссапармен келіп, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
image-29-04-25-10-10-3
Кеңес төрағасы Руслан Оразалиев төрағалық еткен жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов қатысты. Алдымен Руслан Қанатұлы аудандық қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, қоғамдық жайылым, учаскелік полиция инспекторларының қызметтік көліктерінің жоқтығы және аудандағы басқа да күрделі мәселелер туралы айтып өтті. Келесі болып сөз алған Бауыржан Аяпбергенұлы қоғамдық кеңес мүшелері БҚО қоғамдық кеңесінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Манарбек Ғабдуллинді,  БҚО қоғамдық кеңесінің тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссиясының төрағасы Нұрлан Сәдірді, БҚО Қоғамдық кеңесінің қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жастар мәселесі бойынша комиссиясының төрағасы  Элгун Джаналиевті таныстырып, қоғамдағы болып жатқан мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы өз ойын ортаға салды. Алпамыс Жаңабайұлы Қоғамдық кеңес мүшелеріне «Қош келдіңіз» айтып: - Қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, шешу жолдарын қарастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен және жоғарғы тұрған тиісті мемлекеттік органдармен оң нәтиже қабылдауға, халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныс, тілек, пікірлерін жиыстыра бірге жұмыс атқарамыз деген ойдамыз, - деді.
image-29-04-25-10-10-2
 Сондай-ақ аудандағы киік, облыстық маңызы бар күре жол,  басқа да мәселелерді шешу жолын қарастырып, Қоғамдық кеңес төрағасына қолдау білдіруді сұрады. Аудан жұртшылығы атынан сөз алған Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Закария Жүсіпқалиұлы аудандағы күн тәртібінен түспей тұрған келелі мәселелер: тұрғын үй, қатқыл табанды жол, жаяу жүргіншілер жолы, «Жайлы мектеп», музей құрылысы туралы және халықтың көкейінде жүрген техникалық су, ішкі жолдарды реттеуге көңіл бөліп, облыстан қолдау көрсетуге қоғамдық кеңес төрағасына құлаққағыс жасады.
image-29-04-25-10-10-1
Ал Мәстексай ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Қобылан Аманғалиұлы аталмыш ауылдың кірме жолы туралы сөз етсе, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қуаныш Шарафутдин бұралқы иттерді аулау мәселесін шешу жолындағы кедергілерді жою  туралы пікірін білдірді.  Аудан басшысы жиында көтерілген мәселелерге қатысты өз ойын ортаға салған соң отырыс қорытындыланды.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы 
image-29-04-25-10-10
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале