30.04.2025, 11:45
Оқылды: 291

БҚО әскерилері ҚР Әскери-теңіз күштерінің жұмысымен танысты

БҚО әкімдігі жанынан арнайы делегация Ақтау қаласына іссапармен барды.  

Бұл іссапардың мақсаты ҚР Әскери-теңіз күштерінің қару жарағы және техникаларымен танысу. Әріптестік байланысты нығайту.

әскери20

БҚО-нан барған әскерилер ҚР Әскери- теңіз күштері қатарында отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздармен  кездесті.

әскерилер

-БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орал кемесінің жай-күйімен танысып , әскери қызметшілердің жұмыстарын көріп, екі жақты келісім бойынша жұмыстар атқаруға тапсырма берген болатын. Біздің мақсат бүгін Әскери-теңіз күштерінің жұмысымен танысып, кейін Оралдық жастарды осы ҚР әскери-теңіз күштері  қатарына әскерше шақыруға ықпал ету. Болашақта бірлескен жобалар атқарып, осы жұмыстарды тоқтапай жүргізе беретін боламыз,- деп атап өтті  БҚО әкмінің қорғаныс және әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі Мақсат Мұқанов.

әскер111

ҚР Әскери-теңіс күштері 1993 жылы құрылғн еді. Ол сол уақыттан бері теңіздегі қауіпсіздік мәселесіне жауапты күштік құрылым саналады.

-Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттары сияқты стратегиялық объектілерді, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды,- деп көрсетілген Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале