Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа - ұран» тақырыбымен Сайқын ауылындағы «Достық үйінде» бильярд үйірмесінің ашылуына арналған спорттық жарыс өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігі мен партияның аудандық филиалы ұйымдастырды.

Жасы 55-тен асқан ардагер спортшылар бильярд, дойбы және шахмат түрлері бойынша бақтарын сынады. Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов және ардагерлер қауымы қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлегендер бильярд үйірмесінің ашылуына қолдау білдірген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, ардагерлерді мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс нәтижесінде
Бильярд ойынынан:
І орын Мұқамбетов Қайырболат
ІІ орын Ахметов Ерболат
ІІІ орын Темірбаев Нұржан
Шахмат ойынынан:
І орын Елемесов Қуаныш
ІІ орын Сұлтанғалиев Жасқайрат
Дойбы ойынынан:
І орын Ғилманов Төлеміс
ІІ орын Мұқамбетов Қайырболат
ІІІ орын Таңатов Ерболат
Жүлделі орын алған және белсене қатысқан барлық ардагерімізге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

