1.05.2025, 15:00
Оқылды: 418

Жәнібек ауданнда шаруашылық жаңа түрі ашылды

Тіршілігі теңізбен байланысқан жұртшылықтың балық шаруашылығымен айналысатындығын біреу келіп айтса таңқаларлық жаңалық болмас еді.

image-30-04-25-11-20-1

Ал шығысында Казталов, оңтүстігінде Бөкей ордасы аудандарымен, батысында Ресейдің Волгоград, солтүстігінде Саратов облыстарымен шектесіп, шаруашылығының бағытын мал шаруашылығына бұрып отырған Жәнібек елінде біреу балық шаруашылығымен айналысып отыр десе сену қиын болатын шығар, сірә. Дегенмен, бұл шындық.

Жақсыбай ауылының азаматы Мұсағали Рахметов тәуекелі биік іске бел буып отыр. Құны 100 миллион теңге қаражатты құрайтын жобаны жүзеге асыру үшін шаруа 15 гектар жер телімін аукцион арқылы алған. Қуаттылығы жылына 5000 балық береді деп күтіліп отырған шаруашылық үшін 28000 метр куб көлемінде бассейн қазылды. Бүгінде су айдау жұмыстары жүргізіліп, бассейнге 200 дана сазан шабақтары жіберілген. Аудан әкімі Тимур Шиниязов шаруашылықтың басына барып, иесінің жұмысына сәттілік тіледі. Игі бастамаға себепші болған ағамызға ризашылығын жеткізді.

image-30-04-25-11-20

-Тіршілік қыламын, елді де өсіремін, өзім де өсемін деген адамға қашанда қолдау танытамыз, - деп сөз басын қайырған аудан әкімі әрмен қарай жұмыстың жай-жапсарымен таныс болды.

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале