Оған жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарға тиімді бағада ұсынды. Жәрмеңке жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, ауыл тұрғындарына ағаш және гүл көшеттерін, сүт өнімдерін, құс балапандарын делдалсыз, қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қой етінен кәуәп та сатылды. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев жәрмеңкені аралап, сатушылармен тілдесіп, өнімдердің бағаларына назар салды. Ауыл тұрғындары аулаларына отырғызу үшін жеміс ағаштары мен әдемі гүлдерді таңдап алып жатты.
Иә, аудан тұрғындары әр апта сайын өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесін асыға күтеді. Жалпы дәстүрлі жәрмеңкелер – кәсіпкерлік қабілетті арттыратын, ауыл экономикасына қан жүгіртетін алаң.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы