2.05.2025, 16:45
Оқылды: 225

БҚО-да шекарадан 4 мың дана пышақты алып өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті «Сырым» өткізу бекетінде қолдан жасалған 4 мың дана пышақты тасымалдаудың жолын кесті, деп жазады KAZINFORM.

d1e26b72-944d-4189-90a1-963134f942f9

Сурет: kaz.inform.kz

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш тауар аса ірі көлемде болған.

— Пышақтар ілеспе құжаттарсыз тасымалданып, басқа жүктердің арасына жасырылған. Тәркіленген тауар БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам жауапқа тартылғанын жазған едік.

Сондай-ақ БҚО-да монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін «Aqjaiyq» ӘКК-ға айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале