2.05.2025, 17:30
Оқылды: 263

Бөкей ордасы ауданында мерекелік концерт өтті

Орталық алаңда өткен “Достық толқынында” атты мерекелік концерт сайқындық ағайынның көңілін көтеріп, жұрт қуанышты күйде тарқасты. Аталмыш концерттік бағдарлама ауылдың жастарына арналғанымен жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалауға  үлкендер де көптеп жиналды.

IMG-20250502-WA0033
Бұл концерт бұрынғыдан өзгерек өтті деуіміздің жаны бар. Орталық алаңда бой көтерген көрнекті ледкран сахнаның ажарын ашып, сән-салтанатын арттырып жіберді. Көрермендер ашық аспан астында орындықтарға емін-еркін жайғасып, күнделікті  тіршіліктен бір сергіп, әуезді әуендерді  тыңдап, бір демалды дерсіз.

IMG-20250502-WA0030
Мерекелік бағдарламаның эстетикалық тұрғыдан халыққа ерекше әсер етуіне заманауи еңселі сахна мен сол сахнаны жарықтандыруға арналған құрылғылардың әсері зор болды. Бұрын соңды қала-облыстық деңгейдегі іс-шараларда көріп, тамсанған әдемі әрі кең сахнаның ауылымызға әкелінуі  ауданның мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған негізгі қадам. Осы орайда әр бастамамызға қолдау білдіріп келетін аудан басшысына айтарымыз алғыс қана.

IMG-20250502-WA0032
Аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері, атап жазар болсақ, Рауан Қажығалиев, Миллат Насыров, Құрмет Мусин, Махамбет Қалыбаев, Қуаныш Құбайтов, Аман Қадырболатов, Ақбота Ұзақбай түрлі ұлттың әндерін орындап, тыңдарманын сүйсінтсе, көптің көңілінен шығып жүрген Әсел Бердібекова мен Рамазан Бәйбеков те әсем әндерін жұртшылықша паш етті. Қызықты ойындардың ұйымдастырылуы да шараның көрігін келтіріп, келушілердің қызығышылуығын  еселей түскені рас.

Нұрай Таубай, 
Суретке түсірген Жарқынай Сәлімов,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20250502-WA0029 IMG-20250502-WA0034

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале