3.05.2025, 13:00
Оқылды: 204

Бәйтеректіктер жеңімапаздар ерлігіне тағзым етті

Бәйтерек ауданы, Переметный ауылында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты мерекелік концерт өтті.

IMG_20250503_114340_855

Ерлік пен елдікке тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған бұл кешке тыл ардагерлері арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.

– Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері бізден алыстаған сайын Жеңістің мәні мен маңызы арта түсуде. Бұл күн - ел бірлігінің, халықтың ерік-жігері мен қаһармандығының символы. Сол жылдары халқымыздың өр рухты азаматтары майдан даласында ерен ерлік көрсетсе, тылда қалған аналар мен балалар күн-түн демей еңбек етіп, жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Бүгінгі бейбіт күнге жету жолында әрбір жанның үлесі, әрбір отбасының қасіреті мен қажырлы еңбегі бар. Қазақ елінің даңқты ұлдары мен қыздарының ерлігі ұрпаққа өнеге. Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов секілді батырларымыздың есімі тарихта алтын әріппен жазылса, Мәншүк, Әлия, Хиуаз апаларымыздың ерлігі әйел адамға тән нәзіктікпен қатар, қайсарлық пен өрліктің үлгісіне айналды. Бауыржан Момышұлының: «Ерлік — табиғаттың сыйы емес, ол – тәртіптің, тәрбиенің, табандылық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жемісі» деген сөзі – бұл күннің мәнін тереңдете түседі. Біз сол қиын-қыстау кезеңде Отан үшін жанын қиған жандардың алдында әрдайым бас иеміз. Бүгінгі бейбіт күннің бағасын білу — біздің парызымыз. Қазіргі әлемдік геосаяси ахуалды ескерсек, бейбіт өмірден асқан бақыт жоқ. Сондықтан елімізде тыныштық пен тұрақтылық мәңгі орнасын, келешек ұрпақ ашық аспан астында өмір сүрсін деп тілейміз. Соғыста шейіт болған батырларға тағзым ете отырып, сұрапыл соғыста ел қорғаған ерлердің ұрпағына мол бақыт, денсаулық пен амандық тілеймін. Әрбір шаңырақта ауызбірішілік пен береке болсын, – деген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев таяуда Жеңістің 80 жылдығына орай Оралда өткен облыстық хор ұжымдары арасындағы байқауда үздік болған бәйтеректік ризашылығын да жеткізді. Хор жетекшісі Игорь Шмидтке және концермейстер Надежда Ильменеваға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

IMG_20250503_114305_148

Мерекелік кешті хор ұжымы «Өз елім» әнімен ашты. Кеш барысында жергілікті өнерпаздардың орындауында соғыс әндері шырқалып, би биленді. «Жеңіс жалауы» қойылымынан үзінді көрсетіліп,  «Солдат монологы», «Әлия – Мәншүк» монологтары оқылды. Концерт шымылдығы «Жеңіс күні жасасын!» әнімен жабылды.

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

IMG_20250503_114101_746 IMG_20250503_114119_712 IMG_20250503_114129_477 IMG_20250503_114219_203

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале