3.05.2025, 14:00
Оқылды: 460

Жаңақалалықтар сенбілікке шықты 

Аудан орталығында жасыл желек отырғызу — бүгінгі күннің күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелерінің бірі. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны жақсарту бағытындағы игі істер қатарында, бүгін аудан тұрғындары сенбілікке шықты.
image-03-05-25-01-03-1
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері бірлесіп, аудан орталығының оңтүстік бетіндегі лас су төгетін орынның іргесіне терек отырғызу үшін шұңқыр қазды. Бұл — жай ғана тазалық емес, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің, экологиялық мәдениеттің көрінісі. Ұйымдастырылған бұл шара — жасыл желекке оранған таза, жайлы аудан қалыптастырудың бір баспалдағы.
Сыйлыхан Жұмасалық, 
Жаңақала ауданы
image-03-05-25-01-03-2 image-03-05-25-01-03 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале