Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты хабарлады.

Сурет: telegram.org
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бүгінде химия өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі 4,6%-ды құрайды және ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардың дамуына оң әсер етеді.
«Жылдың тоқсандық қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5%-ға өсіп, 406 млрд теңгені құрады. Осы жылы өндіріс көлемін 5%-ға арттыру көзделген. Жоспар бойынша өсім биылғы іске асырылатын жобалар және тыңайтқыштар мен фосфорды 13%-ға, натрий цианидін 15%-ға, полипропилен өндірісін 32%-ға арттыру арқылы іске асырылатын болады», — деді ол.
Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеден асты. Саланың негізгі кәсіпорындары ішкі сұраныстың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті дамытады.