6.05.2025, 10:30
Оқылды: 363

"Бейбіт өмір сыйлаған - Ұлы Жеңіс!"  

 

Бәйтерек ауданы, Қайнар ауылында Жеңістің 80 жылдығына орай осындай атаумен кеш өтті.

IMG-20250505-WA0002

Жас ұрпақтың патриоттық сезімін дамытуды, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын түсіндіруді, тарихи жадыны сақтауды мақсат тұтқан іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

Кеш барысында сөз алған Атамекен ауылдық округінің әкімі Фархат Үмбетқалиев Жеңіс мерекесі халқымыздың жүрегінде ерекше орын алатынын атап өтті.

IMG-20250505-WA0005

- Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы азаматтық жəне патриоттық парызды абыроймен орындап, қайтпас қайсарлық көрсеткен жеңімпаз аталарымыздың қатарында біздің жерлестеріміз де аз емес. Олардың майдан даласында, тылда Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі өлшеусіз. Ата-әжелеріміздің ардақты ісін бүгінгі күні олардың ұрпақтары лайықты табыстарымен жалғастырып келеді, - деді Фахат Мәлікұлы.

Кеш барысында ауыл тұрғындары, кітапхана, клуб қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары сұрапыл жылдарды еске алды. Олар соғыс әндерін шырқап, сол кезде жазылған өлеңдерді оқып қана қоймай, бұл шығармалардың шығу тарихына, майдан мен тылда шырқалған шақтарға, сөйтіп Жеңіске қосқан рухани үлесіне де тоқталды.

IMG-20250505-WA0000

Қайнар ауылдық кітапханасы, клубы және Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі бірігіп ұйымдастырған іс-шара барысында Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме де көпшілікке таныстырылды.

IMG-20250505-WA0003

- Осыдан он бес жыл бұрын, яғни Жеңістің 65 жылдығына орай библиографиялық оқу құралын шығардық. Сол кезде жүргізген жұмыстарымыз барысында анықталғандай, ауылымыздан жүзге жуық адам қолына қару алып Отан қорғауға аттанған. Соның қырықтан астамы елге оралды. Майдан даласында қаза тапқан 48 жерлесіміздің аты-жөні осынау кітапқа енгізілді. Бізде 118 тыл ардагері болса, бүгінде соларды бесеуі бар. Балалық шағын соғыс ұрлаған 48 жанның 12-сі арамызда. Қайнарлықтар оларды ұмытпайды, - деді ауыл кітапханасының кітапханашысы Райса Досмұхамбетова.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале