7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн екені сөзсіз.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, айбыны биік әскерилеріміздің мерейі асқақтады.
Жылдағы үрдістен айнымай мерекелік шараның басынан табылған аудан әкімі Тимур Шиниязов аталған сала қызметкерлерін төл мейрамдарымен құттықтап, бірқатар шендімізге түрлі дәрежедегі алғыс және құттықтаухаттарын табыс етті. Соның ішінде, қызметтік іс-қимылда қол жеткізген оң нәтижелері үшін ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Ұлттық Қауіпсіздік капитаны Дамир Әбілмәжінов, кіші сержанттар Анжела Досқаева және Серік Хамзин, ефрейтор Аманғали Ибраемов марапатталса, БҚО бойынша департаментінің Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының алғысхаттарына полковник Дидар Хамитов, подполковник Асқар Әбеуов, майор Жандос Алтынбеков, капитандар Айдос Тұрысбеков және Нағашбек Байділдаев, сержант Тимур Мұзаппаров, кіші сержант Мирлан Жұмалиев ие болды.
Ал аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Нұрдос Сағынғалиев, уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Мерей Қарағойшин, мемлекеттік автомобиль инспекторы, полиция аға лейтенанты Болат Теміров аудан әкімінің алғысхатына лайық деп танылды.
БҚО ТЖД Жәнібек ауданының ТЖБ №21 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерінен Дидар Жапаров, Миршат Халиуллин, Аян Абдолов пен ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің Жәнібек аудандық бөлімінен Асхат Аймурзин, аудандық прокуратурадан Биболат Молдашев, Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Бақытжан Наушин, Серік Кенжеғалиев сынды азаматтарға да аудан әкімі атынан алғысхаттар табыс етілді.
Құттықтау салтанаты мереке иелері үшін арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Мәдениет саласының үздігі Шынар Каюпова, Аслан Боранбаев, Қуаныш Аждуов, Райымбек Кәрімов, жас та талантты Айшат Хамзина сынды көркемөнерпаздарымыз үздік шығармаларын орындаса, күні кеше аудандық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпазы атанған Самал Мұхтар сарбаз ағаларына арнаған әнін әуелетсе, күйші қызымыз Наргиза Касумова Махамбеттің күйі «Жұмыр қылышты» тартып патриоттық рухты көтерді. Мереке қарсаңында Жәнібек ауданы шекара басқармасының қызметкері, сержант, әскери әнші Қуат Ахметов та әріптестерінің құрметіне шығармашылығынан әндер орындап, осы кеште жаңа әнінің тұсауын кесті.
Арай Сейфолла