7.05.2025, 15:52
Оқылды: 261

Үміткерлер пікірсайысы өтті

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14- бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы күнін ағымдағы жылдың 18 мамырына тағайындалған болатын. Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының және сайлау жөнінде сайлау округін құру жобалары жасақталды.

пікір

Жоспарға сәйкес Саралжын ауылдық мәдениет үйінде әкімдікке үміткер үш құжат тапсырған азамат арасында пікірсайыс ұйымдастырылды.

Үміткерлерді таныстырар болсақ, аудан әкімі аппаратының бас маманы Асылан Бижанов пен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айымбек Егінғалиев өзін-өзі ұсынса, Саралжын ауылдық округінің қазіргі әкімі Нарынбек Керештің кандидатурасы «AMANAT» партиясы атынан ұсынылды.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале