6.05.2025, 20:11
Оқылды: 175

«Айбында» қай мектептің абыройы артады 

Ол бүгін басталған әскери-патриоттық слетінде анықталады. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуды көздеген бұл слетте мектеп оқушылары алғашқы әскери даярлық пәнінен меңгерген білік-дағдылары бойынша бақ сынайды.

FB_IMG_1746529124780
Басынан бастап айтсақ, бүгін аудан орталығында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күнімен және Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай жоғары сынып оқушылары арасында «Айбын» әскери-патриоттық слеті басталды.

photo-output
Шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова, аудандық шекара, қорғаныс істері бөлімдерінің өкілдері, мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары қатысты.

FB_IMG_1746529121613
Ауданның сегіз мектебінің шәкірттері әртүрлі спорттық сайыстардың топтық және жекелей түрлерінен өзара мықтыны анықтауда.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале