7.05.2025, 9:36
Оқылды: 128

Бұлдыртылық тыл ардагерлері мерекелік медальмен марапатталды

Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов Бұлдырты ауылдық округінде тұратын тыл еңбеккерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады.

PHOTO-2025-05-05-17-29-18

Округ әкімі Салауат Нұрпейісовтың айтуынша, Бұлдыртыда 8 тыл еңбеккері тұрады.
Оларға Жеңіс медалі мен Мемлекет басшысының қолы қойылған куәліктерді тапсырған Қайрат Нұржанұлы үлкен буынға амандық, ұрпақ қызығын тіледі.

PHOTO-2025-05-05-17-28-46

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
Қариялардың қай-қайсысының да өмірі – еңбек адамдары үшін үлгі.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Сурет: Сырым ауданы әкімдігінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале