9.05.2025, 19:38
Оқылды: 333

Бөкей ордасы ауданында ҰОС ардагері тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

ҰОС ардагері, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің, «Берлинді алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 20, 30, 40 жылдық» мерекелік медальдары және т.б жоғары наградалардың иегері Тасболат Қабиев тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды.

IMG-20250509-WA0038

Бұл тағылымды шараға Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, мекеме басшылары, ардагердің ұрпақтары, жергілікті тұрғындар қатысты. Жиынға арнайы келген жұртшылық ардагерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

IMG-20250509-WA0031
– Бүгін – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын айтулы күн. Осынау мерейлі мереке ауыл жұрты үшін келелі істермен есте қалары сөзсіз. Ел ертеңі сынға түскен шақта Отан үшін от кешіп, қан майданда ерлікпен шайқасып, жеңісті жақындатқан әр жауынгердің ерен еңбегін ұмытпаймыз. Сол себепті де мемориалдық тақтаның ашылуы табандылық пен отансүйгіштікке деген тағзым деп білеміз,- деді аудан басшысы өз сөзінде.

IMG-20250509-WA0034
Тасболат атамыздың Бақыт Қабиева майдангер әкесінің рухына тағзым қылып, мемориалдық тақта орнатып, ізгілікті шараға ұйытқы болған аудан басшылығына алғысын айтты. Ауыл ақсақалы Меңдібай Қаресов те игілікті істердің жалғасын таба беруіне тілектестігін білдіріп, ардагердің еңбегін зор мақтанышпен еске алды.

IMG-20250509-WA0033IMG-20250509-WA0033
Шара соңында мемориалдық тақтаны аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы мен Тасболат Қабиевтің ұлы Бақтыгерей Қабиев ашты.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале