12.05.2025, 23:00
Оқылды: 209

Переметный ауылында Аналар күніне арналған мерекелік кеш өтті

Переметный ауылындағы Бәйтерек аудандық орталық кітапханасында «Ардақты ана, еңбегіңмен қымбатсың!» атты аудандық аналар кеңесінің қолдауымен мерекелік кеш өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, аудандық, ауылдық аналар кеңесінің төрайымдары мен аудан дамуына елеулі үлес қосқан ардагер аналарымыз қатысты.

IMG_20250512_183450_522

Шырайлы жүздесу мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы ата-ана институтын нығайту.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев барша асыл жандарды атаулы күнмен құттықтады.

IMG_20250512_183423_521

- Ана – қай ұлтта болмасын тіршіліктің тұтқасы, ұйытқысы. Мысалы, «Жер-ана» деген сөз бар, ал «Жер-әке» деген ұғым жоқ. Бұл – ананың жаратушы күш иесі екенін аңғартады. Қазақта тамаша сөз бар: «Алып та, дана да анадан туады». Ананың өмірдегі, қоғамдағы рөлі – ерекше әрі теңдессіз. Қазақ аналары ерте кезден-ақ ел ішіндегі дау-дамайды тоқтатып, бейбітшілік пен бірліктің тірегі бола білген. Сұрапыл соғыс жылдарында да олар жауынгерлерді азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, майдан мен тылдың ортасындағы алтын көпір болды. Ер азамат қажығанда – демеу, сағы сынғанда – тірек болған да сол ана. Қыз – ұлттың ары, ұрпақтың болашағы. Сондықтан қыз баланың табиғатын бұзбай, оны тәрбиелеу – үлкен саясат, ұлттың басты міндеті. Қазақ бекерден-бекер «Қызға қырық үйден тыйым» демеген. Себебі елдің ертеңі – сіз тәрбиелеген ұрпақтың қолында. Сіз қандай тәлім-тәрбие берсеңіз, болашақ қоғам да солай қалыптасады.
Ана – шаңырақтың шамшырағы. Әрқашан аман болыңыздар!,-деді Ерлан Ерсайынұлы.
Ал шарадағы ақ жаулықты ардагер ана Күмісханым Берекетова нәзік жандылардың міндеті жарының адал серігі болып, жанұяның ырыс-ынтымағын арттыру деді.

IMG_20250512_183419_234
«Мен екі баланың анасымын. Жасым 75-те. Қасымдағы отағасымен 6 немере 2 шөбере тәрбиелеп отырмыз. Өзім аудандық «Әжелер» ансамблінің мүшесімін. Балабақшада тәрбиеші болып қызмет еттім. Біздер салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Оны ұлықтап, ұрпаққа аманаттауымыз керек. Ананың асыл миссиясы - ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу деп білемін.»

IMG_20250512_183352_911

Шара барысында көпшілік назарына аудандық кітап қорынан жасақталған кітап көрмесі ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар жыр шумақтарын оқып, әннен шашу шашты.

Гүлім Орда
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале