I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы жылдан жылға 10,7%-ға, 423,1 мың теңгеге дейін өскен. Бұл - соңғы алты жылдағы ең баяу өсім. Ал нақты мәнде, яғни тауар бағасының өсуін ескергенде, өсім бар болғаны 1,2% болып тұр. Бұл деректерді ҚР СЖРА ҰСБ жариялады.

Айта кеткен жөн шығар, экономикалық қызмет түрлеріне байланысты жағдай әртүрлі. Мысалы, 20 саланың бесеуінде инфляцияны ескергенде жылдық өсім емес, төмендеу байқалады. Олардың қатарында денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қызмет көрсету саласы (минус 2,9%, 312,8 мың теңгеге дейін), сондай-ақ білім беру саласы да (минус 3%, 302,4 мың теңге) бар.
Бұл орайда, нақыт мәнде, «Ақпарат және байланыс» саласында орташа жалақы бәрінен тезіреу өсуде: бір жылда 20%-ға, 859,8 мың теңгеге өскен. Аталған абсолюттік мәнмен бұл көрсеткіш екінші орында тұр. Бірінші орынға, күткендей, кен өндіру өнеркәсібі орналасты, мұнда орташа жалақы - 981,4 мың теңге. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты өсім тек 3,8% болды.
Аутсайдерлерге келетін болсақ, мұнда да таңғаларлық жайт болмады. Ең төменгі жалақы, әдеттегідей, ауыл шаруашылығында тіркелді — 248,9 мың теңге, жылдан жылға плюс 7,2%. Осылайша ең жоғары және ең төменгі жалақысы бар салалар арасындағы айырмашылық шамамен төрт есе болып отыр..
Аймақтар бойынша да жағдай әртүрлі: 2024 жылдың қаңтар-наурызына қарай нақты төмендеу олардың алтауында байқалады. Жалақының нақты өсімі бойынша көшбасшы - Ұлытау облысы. Мұнда көрсеткіш 9,1%-ға , 599 мың теңгеге дейін өскен. Ал ең жоғары абсолютті көрсеткіш Атырау облысында - 634,2 мың теңге (бір жылда минус 3,9%), ал ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында - 300,1 мың теңге (плюс 1%). Айырмашылық — 2,1 есе.
Айта кетейік, ресми орташа тоқсандық айырбас бағамы бойынша есептегенде, орташа жалақы $829,4 болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш $848,8 болған еді. Номиналды көрсеткіштің төмендеуіне ұлттық валютаның әлсіреуі әсер етті.
Маңызды: бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есептелген жалақы қорының нақты қызметкерлер санына және есептік кезеңдегі айлар санына бөлінуі арқылы анықталады. Бұл есепке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардың көрсеткіштері кірмейді.
Дереккөз: @DataHub_KZ