14.05.2025, 9:30
Оқылды: 325

Казталов ауданы: Комиссияда бюджет талқыланды

Казталов аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» және «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

IMG20250513153722

Комиссия жұмысын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Абылай Шакуов жүргізіп, отырысқа Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, округ әкімдері және салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Комиссияда 2024 жылғы Казталов аудандық және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова есебін берсе, округ әкімдері де округтердегі бюджетерге қатысты хабарламалары тыңдалды.
Өткен жылдың бюджеттің игерілуінің нәтижелері туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин хабарлады. Тексеру комиссиясы мүшесінің айтуынша, былтырғы 2024 жылдағы аудандық бюджеттің орындалуы көңілге қонымды болғанымен, кейбір жұмыстардың кемшін тұстары да болған. Әсіресе, Батыржан Жәлитұлы салық түсімдерін жоспарлау және түскен түсімдерді дұрыс бағыттау туралы айтты.

IMG20250513155713

2024 жылдың аудан бюджетіне қысқаша тоқталсақ, кірістер есебінен аудандық бюджет 11 млрд. 264 млн. 866 мың теңгеге жоспарланған болса, іс жүзінде бюджет қаржысы 11 млрд. 354 млн. 261,6 мың теңгені құрап, жоспар 100,8 пайызға орындалған. Ал осы бюджетке түсетін өз кірістеріміз 2 млр. 372 млн. 510,3 мың теңгені құрап, 104,1 пайызға орындалып отыр.

Сонымен бірге жиында аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмысынан комиссия төрағасы Абылай Шакуовтың есебі тыңдалды. Абылай Саматұлы комиссия мүшелерінің назарына отырыстың күн тәртібіне енген аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының ұсынысы туралы айтып берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы тарапынан аудан орталығындағы дене шынықтыру және спорт кешеніне жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің есімін беру және жерлесіміз «Даңқ» орденінің үш мәрте иегері, батырымыз Қайырғазы Имашевтың мүсінін «Жеңіс» саябағына қою туралы ұсыныс білдірген.
Комиссия отырысында аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Бекқали Мусин аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-17 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде баяндады.
Комиисия отырысына қатысқан Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов аудан бюджетіне қатысты және салық түсімдері, бюджетті игеру туралы өз ойымен бөлісіп, бөлім басшылары мен округ әкімдеріне тапсырмалар берді.

IMG20250513153655
Комиссия отырысының күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша сауалдар мен ұсыныстар жолданып, тұщымды жауаптар берілді. Отырыс соңында көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер ескеріліп, комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен арнайы қаулылар қабылданды.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале