14.05.2025, 12:30
Оқылды: 661

Ақжайықта құрылыс қарқынды

Көктем басталысымен, ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқын алды. Бірнеше елді мекенде медициналық нысандар салынып, мектеп жөнделіп, тұрғын үйлер бой көтеруде. Мұның мысалын бір ғана Есенсай ауылдық округінен көруге болады.

9331c96d-3cf2-4392-a404-896bd5409d39

Тап қазір округтің Есенсай, Кеңсуат, Тасоба ауылдарында бірнеше баспананың құрылысы жүріп жатыр. Есенсай ауылындағы екі пәтерлі қос баспананың бүгінге іргетасы құйылып, қабырғасы қаланды. Бұл іске жұмыссыздар қатарынан ауылдың сегіз азаматы тартылған. Кеңсуат елдімекенінде де әлеуметтік тұрғын үй салынуда. Ал Тасобадағы тап осындай баспананың құрылысында ауылдан 5 адам қызмет етуде. Аталған тұрғын үйлердің барлығын салып жатқан кәсіпкер – Мирхат Хамзин. Ол – осыған дейін де ауданымыздағы бірқатар баспаналардың бой көтеруінде қолтаңбасы бар сенімді мердігер.

9d2b338c-2b4c-4722-b583-bb92bc24af55

Айта кетейік, бұл үйлердің кілті  баспанаға мұқтаж жандар ретінде кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға табысталады. Отбасылардың қоныстойын атап өтер де күн алыс емес – нысандарды шілде айында тапсыру жоспарланып отыр.

2ea95c93-c350-4643-9dda-38338913b18d

Бұдан бөлек, Есенсай ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы да жүріп жатыр. Жобаның құны – 270 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын Ақтөбе қаласынан келген мердігер мекеме «Абдухатов Е.А.» жеке кәсіпкерлігі  жүргізіп жатыр. Жалпы, нысанда 12 құрылысшы еңбек етуде, оның төртеуі – жергілікті тұрғындар. Спорт кешенінің құрылысы шілде айына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Әрине, бір ғана округте қолға алынған бұл игі істер – ауыл-елді мекендердің дамуына тың серпін беретін маңызды жобалар. Әр ауылдас осы жобалар туған мекеннің берекесін арттырып, ауыл тірлігін жандандыратынын жақсы түсінеді.

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале