23.11.2016, 19:20
Оқылды: 70

БҚО әкімі белгілі драматург Рахымжан Отарбаевты қабылдады

%d0%be%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2Облыс әкімі Алтай Көлгінов байланысты белгілі жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевты  60 жылдық мерейтойына орай  қабылдады.


– Бүгін – біздің өңір ғана емес, ел үшін елеулі күн деп есептеймін. Себебі, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен ақылдасып, 60 жылдық мерейтойыңызға байланысты Орал қаласында да елеулі іс-шаралар өткізуді жоспарлағанбыз. Қарымды қаламгер ретінде қазақ әдебиетіне қосқан үлесіңіз зор. Сіздің туындыларыңыз әлемдегі өзге тілдерге аударылып, кеңінен таралуда. Ертең М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде шығармашылығыңызға терең талдау жасалатын  республикалық-ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Осы іргелі оқу ордасында терең білім алғаныңызды, кейін «Орал өңірі» газетінің журналисі боп қызмет атқарғаныңызды білеміз. Ертең облыстық драма театрының  ұжымы сіздің «Жәңгір хан» атты драмаңызды көрермендер назарына ұсынбақ. Оқырмандарыңыздың шарапатына бөленіп, кейінгі буынды тәрбиелеуге белсене атсалыса беретініңізге сенімім кәміл, – деді облыс басшысы.

%d0%be%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2-1Рахымжан Отарбаев облыс әкімінің пейіліне ризалық білдіріп, шығармашылық тұрғыда соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Жазушы жақында Қазақстан елшілігі мен Түркиядағы әдеби орта ұйымдастырған кездесуге қатысқан. Қаламгердің «Ақ көбелек» әңгімелер жинағы мен «Бас» атты романы түрік тіліне аударылған екен. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыка драма театры Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай драматургтың «Әміре» пьесасын сахналамақ. Бүгін Атырау-Орал тарссасында көлікпен келе жатақанда,  И.А.Бунин атындағы халықаралық әдеби сыйлыққа ие болғаны жөнінде Ресейдегі Мәскеу қаласынан жолданған сүйінші хабарды естіпті. Рахымжан Отарбаев жастық кезеңінде ізі қалған Ақ Жайық өңірі қашан да өзіне ыстық естеліктерге толы екенін әңгімеледі. Облыс әкімі Алтай Көлгінов қаламгердің иығына дәстүрге сай шапан жауып, ілтипатпен сый-құрмет көрсетті. Кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының төрайымы Ақұштап Бақтыгерева, Алматы қаласындағы «Өлке» баспасының бас директоры, жазушы-драматург Мереке Құлкенов те болды.  Қазіргі уақытта Рахымжан Отарбаев «Алтын адамның оянуы» мен «Ақырзаман» романдарын жазып бітіруді мұрат қылыпты.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале