15.05.2025, 21:00
Оқылды: 446

Батысқазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионы атанды

IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің командалық жарысы ресми түрде аяқталды. Жарыстың шешуші күнінде Қазақстан құрамасы Бразилияны ұтып, әлем чемпионы атанды.

photo-output

Ел пара дзюдошыларының осындай биік белесті бағындыруна облыс спортшылары да өз үлесін қосты. J-2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта белдескен Ескендір Ұлданов пен осы санатта +95 келіде белдескен Талғат Әжіғалиев құраманың жеңіске жетуіне мол септігін тигізді.

Жарайсыңдар, чемпиондар!

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале