16.05.2025, 19:00
Оқылды: 197

Этика мен кадрлық басқаруды нығайту: Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығы аясында кездесу өтті

Орал қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың төрағалығымен аудан әкімдері аппараттарының басшыларымен, әдеп жөніндегі уәкілдермен және персоналды басқару қызметтерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 20.12.57 (4)

Іс-шара Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығының жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты өңірлік деңгейде мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін талқылау, кадрлық жұмыстың сапасын арттыру, әдептілік институтын күшейту және адами ресурстарды басқаруда бірыңғай тәсіл қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында өңірлік кадрлық резервті сүйемелдеу тетіктері, кадрларды іріктеудегі ашықтықты қамтамасыз ету, әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу және әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлін арттыру, жас мемлекеттік қызметшілерді бейімдеу және тәлімгерлік институтын нығайту мәселелері қаралды.
Департамент басшысы Мұрат Байсалов өз сөзінде атап өтті: «Адам капиталының дамуы – мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық ресурсы. Әдепті мінез-құлық, ашық қарым-қатынас, кадрларға әділ көзқарас – мемлекеттік қызмет мәдениетін қалыптастыратын негізгі құндылықтар. Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығы – тәжірибе алмасу, кәсіби даму және ортақ шешімдер іздеу алаңы», – деді ол.
Кездесу барысында қатысушылар кадрлық жұмыстардың тиімділігін арттыру, кадрларды тұрақты ұстау, оларды дамыту тетіктері жөнінде ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2025-05-16 at 17.04.19
Сонымен қатар, «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасымен жұмысқа қабылданған жастардың тәжірибесі және өңірлік кадрлық резервпен жұмыс барысы да талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша мұндай диалог алаңдарының Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығы аясында тұрақты түрде өткізіліп тұратыны айтылды.
Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мен қоғам сенімін нығайтуға ықпал ететін ортақ тәсілдерді қалыптастыруға бағытталмақ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале