2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы, «Евразия» туристік кешенінде мектеп оқушылары арасында өткізілген «Бағдаршам – 2025» жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті қызығушылыққа толы бірегей шараға айналды. Бұл шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мен сақтық мәдениетін қалыптастыру.

Слетке облыстың әр ауданынан және қалаларынан жол қозғалысы жас инспекторлары қатысты. Олардың негізгі міндеті – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көшелердегі тәртіпті сақтауға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындау. Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімі мен шеберліктерін көрсете отырып, жол қозғалысы ережелерін дұрыс түсіну мен сақтау дағдыларын дәлелдеді.
Шараның ұйымдастырушылары Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық Полиция департаменті, балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы болып табылады.
Слетке аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатыстыы. Олар жалпы орта білім беру ұйымдарының (мектеп, лицей, гимназия) 7-8 сынып оқушылары, 12-14 жас аралығындағы балалар. Команда құрамында жасақ басшысы, реттеуші, велосипедші және жетекшілер бар. Жалпы команда саны – 10 адам. Қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, слетке қатысуға жіберіледі.
Шара барысында командалар келіп, орналасып, тіркеліп, кейін түрлі байқаулардан өтіп, соңында жеңімпаздар марапатталды.
Бұл облыстық слет балалар мен жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін дұрыс үйретіп, оларды жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Сондай-ақ, бұл шара жастардың арасында көшедегі тәртіпті сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосады.
Жеңімпаз командалар облысымыздың жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау ісінде алдағы уақытта да белсенді рөл атқаратын болады.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі