Кеше Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада «Құрмет» танымдық жобасының кезекті бағдарламасы өтті.

Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда ауылдағы жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, қоғамдағы еңбекқор жандарды, қазіргі еңбекке араласып жүрген жас мамандарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда. Еңбек адамдары қашанда құрметке лайық!
Бүгінгі кездесу әр түрлі салаларда еңбек еткен ел ағаларына арналда. Бағдарламаның қонақтары - еңбек жолын жүргізуші (шофер) болып бастаған, мұрағат, ауыл әкімдігінде қызмет жасаған, «ауылдың шежіреші – Есентайы» атанған, Есентай Теміршев, сельхозтехника ардагері, автомобиль жөндеу слесарі, «Социалистік жарыстың үздігі» ауыл шаруашылығының екпіндісі медальдарінің иегері, аудандық кеңестің депутаты Талап Хайрушев, Құрылыс саласының ардагері, 2021 жылы ҚР-ның «Алтын кітабына» енген үздік құрылысшы Ахметкерей Теменұлы, саналы ғұмырын жүргізуші (шоферлыкқа) арнаған еңбек ардагері Әлімжан Даулетов, әке жолын қуып, тракторшы бригадир, жүргізуші (шофер), еңбек ардагері Көбен Базарғалиев, тракторшы, жүргізуші (шофер) Неғметжан Тлеуғалиев.
Бағдарлама Аманжол Камжановтың орындауындағы «Менің әкем» әнімен басталды. Кездесу кешінде әр түрлі саланың ардагерлері жасаған қызметтері туралы баяндап, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөлісті. «Ақторғын» ансамблінің орындауындағы «Сағым жылдар» әні қонақтардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар халықтық «Гүлдерайым» ансамблінің «Қырманға кел, Қалқатай» әні тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында кейіпкерлеріміз жобаның дәстүрлі «Құрмет» дегенді қалай түсінеміз деген сұрағына пікірлерін айтты.
Тағылымы мол шарада төгілген тердің, атқарған істің, танытқан табандылықтың, адамгершілік деген асыл қаситті аласартпай, ел құрметіне бөленген қарапайым еңбек ардагерлерінің өткен өмір жолдарына куә болдық.

Аудан әкімдігі апаратының басшысы Нұрсұлтан Серік еңбек ардагерлерін құттықтап, Ахметкерей Теменұлы мен Әлімжан Ғалымжанұлына иығына қазақша шапан мен алғысхат табыс етсе, аудандық ардагер ұйымының төрағасы Жүсіп Шакуов ардагерлерімізге кітап пен естелік сыйлық табыстады.

Жоба ұйымдастырушысы Нұрия Самиғоллақызы «Құрмет» громатасы мен естелік сыйлықтарын табыстады. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шара жас буынның санасына рухани азық болары сөзсіз.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы