18.05.2025, 17:00
Оқылды: 241

Жәнібектік бас имам мерекелік төсбелгімен марапатталды

Биыл Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына – 35 жыл. Күні кеше еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына келген болатын. Аудан мен облыстың барлық имамдарымен кездесіп, әрқайсысына мерекелік медаль тақты.

photo-output

Солардың қатарында Жәнібек ауданының бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев те бар. Наурызбай қажы 2025 жылғы 15 мамырдағы №1235 бұйрығына сай «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медалін Есенболат Қадырұлының кеудесіне тақты.
Өздеріңізге мәлім, биыл Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі дата қарсаңында үйлесім тапқан марапат болды.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале