18.05.2025, 18:00
Оқылды: 324

Бөкей ордасы ауданы: Саралжында ауыл әкімі сайлауы заң шеңберіңде өтіп жатыр

Саралжын ауылдық округіндегі №71 сайлау учаскесінде 577 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссия төрағасы Әділбек Камеловтың мәлімдеуінше, алғашқы үш сағатта сайлаушылардың 15,7%-ы дауыс беріп үлгерген.

IMG-20250518-WA0065

Сонымен қатар сайлау учаскесінде көру, есту қабілеті зақымданған жандарға да дауыс беру бұрышы ұйымдастырылған.

IMG-20250518-WA0066
Округ бойынша екі көру қабілеті нашар азамат, бір есту қабілеті кемшін, бір арбаға тәуелді азамат тіркелген, ал 40 дауыс беруші үйден дауыс бермек.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале