19.05.2025, 10:30
Оқылды: 410

Саралжын ауылдық округінің әкімі сайланды

Бөкей ордасы ауданының Саралжын сайлау округі бойынша өткен Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы жарияланды.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 11.07.29

Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше,сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 577 азамат енгізіліп, соның 367- і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар санын сараптап қарасақ, Асылан Бижановқа - 27 (7,58%), Айымбек Егінғалиевке - 39 (10,96%), ал Нарынбек Керешке - 290 (81,46%) дауыс берілген.
Саралжын ауылдық округінің әкімі болып Кереш Нарынбек Сегізбайұлы сайланды. Естеріңізге сала кетсек, Сегізбайұлының кандидатурасын  «AMANAT» партиясы ұсынған.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале