Warning: session_start(): open(/tmp/sess_s831s6el4sej4d8km3oj7qjdfd, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығында қысқы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды - официальные новости ЗКО
19.05.2025, 16:30
Оқылды: 217

ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығында қысқы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды

19 мамыр – ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңінің бақылау тексерісі басталды.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 16.34.28 (1)

Тексеру барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша нормативтер тапсырып, білім деңгейін көрсетуде. Сонымен қатар, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдары бағалануда.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 16.34.29

Бақылау тексеріс – әскери бөлімдердің қысқы кезеңдегі оқу-жауынгерлік даярлық бойынша жетістіктерін саралап, алдағы жазғы оқу кезеңіне нақты міндеттер қоюды көздейді.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 16.34.28WhatsApp Image 2025-05-19 at 16.34.27

Айта кетейік, бұл тексеріс “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале