20.05.2025, 9:00
Оқылды: 235

Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті

Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі жазды.
IMG_7029

Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты.

Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты.

Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды.

– Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.

Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.

IMG_7030

Сурет: gov.kz
Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.

Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале