20.05.2025, 10:00
Оқылды: 240

Казталов ауданында “Музей түні” шарасы өтті

Казталов аудандық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музей күніне орай «Музей түні» шарасы өтті. Көрермендер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мен келушілерге ұмытылмас мереке сыйлау мақсатын көздеген шарада музейдің құрылу тарихы,  музейдің бөлімдері мен жәдігерлері туралы айтылып, ауданымыздың 7 кереметіне енетін киелі жануарымыз киік туралы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту маманы Жұмазия Асқарқызы қызықты мәлімет берілді.

FB_IMG_1747684609451

Шараның екінші бөлімінде “Менің кіші Отаным” экспедициясы туралы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының м.у.а, экспедиция мүшесі Айбек Көшеғалиев кеңінен түсіндіріп өтті.

«Музей түнінің» үшінші бөлімінде байрақты бәсекелерде аудан атын асқақтатып жүрген спортшылар туралы жинақталған мәліметтер таныстырылып, шара қонағы, бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Еламан Айтасовтың шәкірттері аталмыш  спорт түрінен түрлі әдістерді орындап көрсетті.
Сондай-ақ биыл құрылғанына 95 жыл толғалы тұрған “Ауыл айнасы” газетінің тарихы туралы да түсіндірілді.

FB_IMG_1747684617760

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері, он саусағынан өнер тамған Арай Құрманалиева мен Арай Қыдырбаеваның қолынан шыққан көз тартар дүниелер де келушілер назарына ұсынылды.

«Музей түнінде» шақырулы қонақтарымыз Сапура әже мен Гүлнар анамыз қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріне, соның ішінде келі түю, ұршық иіру дәстүріне тоқталса, шараға қатысушы жас буын көптеген мәліметтерге қанықты.

Шарада “AMANAT” партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Ілиясов мерекемен құттықтап, құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.
Шараға арнайы шақырылған мәдениет үйінің өнерпаздары ескі әндерді нақышына келтіре орындап, меймандарға керемет көңіл күй сыйлады.

FB_IMG_1747684612553

Шараның соңғы бөлімінде шақырулы қонақтар қазақтың ақ қанатты киіз үйінің ішінде арнайы жайылған дастархан басына шақырылды. Дәмге толы дастархан басында келелі әңгіме айтылып,  шақырулы қонақтар музей қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

FB_IMG_1747684603857

Өңір тарихын бір арнаға тоғыстырып,  өсіп келе жатқан ұрпаққа туған жердің өткені мен бүгінін үйретуде елеулі орын алатын тарихи-өлкетану музейінің жұмысы жандана беруіне біз де тілекшіміз.

Әсем Болат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале