20.05.2025, 11:00
Оқылды: 586

«Өнерге арналған өмір»

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрының  актері, режиссері, жазушы әрі қоғам қайраткері, дара қабілетімен көзге түсіп жүрген тұлға, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Самал Әбуовтың 50 жас мерейтойына арналған «Өнерге арналған өмір» атты апталығы 15-18 мамыр аралығында жоғары дәрежеде өтті. 

WhatsApp Image 2025-05-20 at 11.46.17 (2)

15 мамыр «Театрдағы өнер синтезі: Актер мен режиссердің шығармашылық диалогы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясында алыс- жақыннан келген қонақтар мен ғалымдар қатысып, бүгінгі күндегі актерлік, режиссерлік мәселелер туралы ғылими баяндамалар жасады.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 11.46.17

К.Байсейтова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті, PhD докторы, тетртанушы Нартай Ескендиров, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әдеби-драмалық бөлім меңгерушісі, ҚР Театр қайраткерлері Одағының "Еңлікгүл-2024" кәсіби сыйлығының жеңімпазы, театртанушы Әлия Шақуова мен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының БАҚ менеджері, театртанушы Айым Қайржанқызы баяндамалар жасады.

Қонақтар Қырғыз Республикасынан  келген актер, режиссер Арзыбек Аскарбек уулу, Батыс Қазақстан  обылысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, Ардагер, театр қайраткері, "Шапағат"  медалінің иегері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, аудармашы Құжырғали Төлеуішев, С.Датұлы қоғамдық  қорының директоры, өлкетанушы Айнагүл Ойшыбаева, сырымтанушы - Айдархан Рамазанов, филология ғылымдарының  кандидаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚО университетінің қауымдастырылған профессоры - Рита Сұлтанғалиева, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актері,  Құрманғазы саз колледжінің оқытушысы, өнер магистры Жантілеу Нуфтуллин, Х.Бөкеева атындағы  қазақ драма театрының бас режиссері, өнер магистры  Алмат Шарипов т.б. қонақтар қатысып өз ойларымен бөлісіп отырды.

Мерейтойлық апталық аясында Әбуов Самалдың режиссурасымен қойылған спектакльдер қойылды. 15 мамыр күні Ф.Буляковтың «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясы, 17 мамыр күні О.Әубәкіровтың «Мен чемпион боламын» ертегісі,  18 мамыр күні С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясы қонақтар мен көрермендер назарына ұсынылып, Самалдың театр өнеріне қосқан үлесі зор екенін көрсетті.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 11.46.16

Абуов Самал аталмыш театрда өзіндік актерлік шеберлігімен режиссерлік қолтаңбасымен дараланып, театрдың дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Жазушы әрі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Әбуов Самал Қадерұлының 50 жас мерейтойына арналған «Өнерге арналған өмір» атты  апталығы 15-18 мамыр аралығында жоғары дәрежеде өтті. Мерейтой иесі Әбуов Самал мырзаны шын жүректен құттықтаймыз. Театр ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!

    Нартай Ескендиров,

тетртанушы

К.Байсейтова атындағы Қазақ Ұлттық

өнер университетінің доценті,

PhD  докторы

Фото авторы В.Предыбайло 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале