«Бөрлі мұнай-газ сектор жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен волейболдан ерлер арасында ашық аудандық турнир өткізілген болатын.

Аталмыш турнирден Теректі ауданының командасы екінші орыннан көрінді. Теректілік волейболшылар аталмыш жарыста жақсы ойын өрнегін көрсетіп, финалдық сайысқа жолдама алды. Ақтық сында ақтөбелік волейболшылармен тартысқа түскен теректіліктер барын салды. Бағы мен бабы келіскен ақтөбелік команда жарыстың жеңімпазы атанды. Теректілік командалардың аталмыш жарысқа қатысып нәтижелі ойын көрсетуіне аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Темиров қолдау білдіріп, сәттілік тілеген болатын. Сол сенімді ақтаған жігіттер олжалы оралды.
Т.Тоқмамбетов,
Теректі ауданы