21.05.2025, 9:15
Оқылды: 474

Жәнібек ауданы: Қамысты ауылында жаңа әкім

Бүгін Қамысты ауылына іссапарымен барған Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов 18 мамырда өткен сайлауда көп дауыс жинаған Оралбек Кенхановты жаңа қызметіне тағайындады.

image-20-05-25-03-25-3

Жаңа әрі жас басшының қызмет жолына «Сәттілік серік болсын!», - деп бастаған аудан басшысы, Оралбек Асылбекұлының алдағы уақытта қызметін абыроймен атқарып, халық әлеуетін арттырып, жалындаған жастық жігерін батырлардың кіндік қаны тамған киелі Қамысты елінің өркендеуі үшін жұмсайтындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев те жаңа әкімді лауазымымен құттықтап, қызметтік куәлігін табыстады.

Еске сала кетейік, Қамысты ауылдық округі әкімінің сайлауына «АMANAT» партиясынан 1, өзін өзі ұсынуымен 2 үміткер қатысқан болатын. Дауыс беру нәтижесінде Оралбек Кенханов 87,5% дауыс нәтижесімен жеңіске жетті.

Оралбек Асылбекұлы 1994 жылы Қамысты ауылында дүниеге келген. 2013 жылы ЖБМ «Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжін», 2021 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

image-20-05-25-03-25-2

Еңбек жолын 2015 жылы Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының статисі қызметінен бастап, әр жылдары осы ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман және бас маман қызметін атқарған. 2024 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале