21.05.2025, 16:45
Оқылды: 390

Жәнібектіктер баспасөзді қолдайды 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу белсенді түрде жүргізіліп, ұйым қызметкерлері жақсы қолдау білдіріп, республикалық, облыстық газеттер мен аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетіне бір кісідей жазылған болатын. Әне-міне дегенше ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына газеттерге жазылу науқаны да болып қалды.

image-21-05-25-02-50-1

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов  ауданға арнайы іссапарымен келген облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Халық алғысы» медалінің иегері, жерлесіміз Нұртай Текебаев пен аталмыш газеттің жас тілшісі Нұрым Ғұмарды қабылдап, аудандағы сала және мекеме басшыларының басын қосып, жиын өткізді. Жиынның мақсаты аудан халқын сараптау сүзгісінен өткен, нақты деректер және ақпараттармен қамтамасыз етіп, әлеужелі арқылы жедел ақпараттандыру қызметін ұсынып отырған облыстық және «Шұғыла» газеттерге жазылуға қолдау білдіруге шақыру, оқырмандар тарапынан ұсыныстар қабылдау, сын-пікірлерге құлақ түру болды.

Жиынды ашып берген Жаннұр Бекбауұлы баспасөз күші мен маңыздылығына нақты тоқталып, «Заман талабының сұранысы өзгерсе де газет мәңгі өлмеуі тиіс», -  деп, өз сөзін қорытты.

image-21-05-25-02-50

Аудандық газеттің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева газеттерге жазылып, тұрақты түрде қолдау білдіріп жүрген үлкенді-кішілі мекемелерге ризашылығын жеткізіп, облыстан келге баспасөз өкіліне жолданған материалдардың өзектілігі жоғалмайынша жедел жариялау жөніндегі ұсынысын білдірді.

Жиын соңында бірнеше мекеме басшысы сөз алып, ұсыныс-тілектерін де айтып өтті.

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале