Ертең, 25 қарашада, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына үкіметтік емес ұйымдардың 25 бастамасы» акциясы аясында Орал қаласындағы Гагарин атындағы кинотеатрда Орал киноклубы мен «БҚО азаматтық альянсы» бірлестігінің ұйымдастыруымен алғашқы «ZHAIK» қысқа метражды фильмдер мен әлеуметтік роликтердің фестивалі өтеді. Жобаға облыс әкімдігі мен қаладағы бизнес-қауымдастық қолдау білдіруде. Бұл жайында аталған кинотеатр ғимаратында өткен брифингте мәлім болды.
Фестивальге Ресейден келген режиссер Лев Вахитов пен қазақстандық әртіс Гүлнар Селбаева, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті, халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінің жүлдегері Дархан Төлегенов қазылық етеді.Нұртай Текебаев