22.05.2025, 9:30
Оқылды: 430

Казталовта шабыт пен шеберлікке толы «Шырқа, гитара» фестивалі өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, сондай-ақ Казталов аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Шырқа гитара!» фестивалі өтті.

image-21-05-25-06-24-1

Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, авторлық әндер мен бардтық әндерді насихаттау, талантты жастарды анықтау мақсатында өткен фестивальге Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей орда, Бөрлі, Казталов, Жаңақала, Жәнібек, Теректі аудандарынан келген 8 команда 86 үміткер қатысты.

Ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Беккалиев Ғалым Ибатоллаұлының қатысуымен қатысушы командалар таныстырылып, алғашқы музыкалық қойылымдар ұсынылды. Жас өнерпаздар бір-бірімен танысып, ортақ өнерге деген ықылас негізінде достық байланыс орнатты.

Өнер мен шабыттың мекеніне айналған бұл күнде жас орындаушылар гитарамен сүйемелденетін жүрекке жылы әндерді орындап, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Үш күнге созылған фестивальде дарынды оқушылар тыңдармандарды әсерлі әуендерімен тәнті етті.

Фестиваль барысында түрлі жанрдағы туындылар орындалып, жас өнерпаздардың кәсіби деңгейі мен шығармашылық қабілеттері айқын көрінді. Қатысушылардың әрқайсысы сахнада өз стилін көрсетіп, музыкалық мәдениеттің дамуына өз үлесін қосты.

Нәтижесінде «12 жасқа дейін» категориясы

image-21-05-25-06-24-2

«Бардтық әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:
І орын -Ажгерей Санжар (Бөкей ордасы);
ІІ орын- Атымтаева Эльнара (Жәнібек ауданы);
ІІІ орын -Абельдиева Аяулым (Бәйтерек ауданы).
«Ансамбль» номинациясы бойынша:
І орын- «Колокольчик» ансамблі (Бөрлі ауданы);
ІІ орын- «Альтаир» ансамблі (Жәнібек ауданы);
ІІІ орын- «Атамекен» ансамблі (Бөкей ордасы ауданы).

«13-15 жасқа дейінгі» категориясы
«Гитарамен әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын -Мухамбет Муслим (Бөрлі ауданы);
ІІ орын- Батырбек Арнұр (Жаңақала ауданы);
ІІІ орын -Гиссатдин Жансерік, (Бәйтерек ауданы).

«13-15 жас» категориясы
«Ансамбль» номинациясы бойынша:
І орын -«Тел қоңыр» ансамблі (Теректі ауданы);
ІІ орын- «Қыз жібек» ансамблі (Казталов ауданы);
ІІІ орын- «Бәйтерек» ансамблі (Бәйтерек ауданы).

«Автор»номинациясы бойынша:
І орын -Сағынжанқызы Дана (Бәйтерек ауданы);
ІІ орын -Темірғали Арғын, (Теректі ауданы);
ІІІ орын -Тілеген Жандаулет (Жаңақала ауданы).

«16-18 жас» категориясы «Бардтық әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:

І орын -Елекен Ералхан (Казталов ауданы);
ІІ орын- Жанат Ерасыл (Жаңақала ауданы) ;
ІІІ орын -Гиссатдин Нұржігіт (Бәйтерек ауданы).
«Ансамбль» номинациясы бойынша
І орын– «Арда» ансамблі (Бәйтерек ауданы);
ІІ орын –«Аквамарин» ансамблі (Бөрлі ауданы);
ІІІ орын –«Достар» ансамблі(Казталов ауданы).
«Автор» номинациясы бойынша
І орын - Елекен Ералхан (Казталов ауданы);
ІІ орын – Ғазиз Омар (Бәйтерек ауданы);
ІІІ орын – Бақыт Нұрдәулет (Казталов ауданы).

Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале